Апат орнына асыққан өрт сөндіру және жедел жәрдем көліктеріне жол беруге ықылас танытпайтындар жоқ емес. 27 наурыз күні жолға шыққан полицейлер мен өрт сөндірушілер осындай жайтқа көз жеткізді. Дыбыс және жарық сигналына мән бермей, немқұрайдылық танытқан жүргізушілер қатары аз емес екен. Тәртіп сақшылары осы ретте жол жүру тәртібін бұзғандардың әкімшілік жауапқа тартылатынын ескертеді. Арнайы техникаға жол бермесеңіз, 18 мың теңгенің айыппұлын төлеуге міндеттелесіз.
“Жүргізушілер арасында музыканың дауысын қатты қойып, артта келе жатқан көліктерге мән бермейтіндері бар. Кейбірі, тіпті, өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем көлігінің асығып келе жатқанын көре тұра, жол бермейді”, – дейді Петропавл қалалық №1 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары Айтуар Бекенов.