«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ИММУНДАУ БАСТАЛАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

1 сәуірден  бастап халықты қызылшаға қарсы қосымша иммундау жүргізіледі. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин қызылшамен сырқаттану бойынша эпидемиологиялық жағдайға қатысты брифинг өткізді.

” 9 айға толған балалар, егу мәртебесі белгісіз 30 жасқа дейінгі адамдар, бұрын егілмеген және қызылшамен ауырмаған, 5 және одан да көп жыл бұрын инфекция ошақтарында қызылшаға қарсы егілген адамдар, сондай-ақ эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша вакцинациялауға жататын медицина қызметкерлері вакцинацияланатын болады”, – деді Бекшин.   

Вакцинация үшін қызылшаға, қызамыққа және паротитке (ҚҚП) қарсы аралас вакцина пайдаланылады.Вакцинация халық үшін тегін жүргізіледі, екпені алу үшін бекітілген аумақтық емханаға жүгіну қажет.

«Елімізде биылғы жылы қызылшаның 4670 расталған жағдайы тіркелген. Қызылшаның тіркелуі республиканың барлық өңірінде байқалады. Бүгінгі күні республика бойынша 74 науқас емделіп жатыр”, – деп атап айтты спикер.

Қызылшадан қорғанудың бірден бір тиімді шарасы – вакцинация. Дене қызуының көтерілуі, жөтел, мұрынның бітелуі, тамақтың ауыруы  және денеге бөртпенің шығуы сияқты белгілер пайда болған жағдайда дәрігерге жүгіну қажет. Егілмеген адамдар 90% вирусы бар ауамен тыныс алғаннан қызылшаны жұқтыруы мүмкін.

 https://kaz.tengrinews.kz/densaulyq/elmzde-1-saurden-bastap-kyizyilshaga-karsyi-kosyimsha-296708/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp