«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КЕНЕН ӘЗІРБАЕВТЫҢ ҰРПАҒЫ – ҚЫЗЫЛЖАРДА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

С. Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада халық ақыны, композитор Кенен Әзірбаевтың туғанына 135 жыл толуына орай еске алу шарасы өтті. Онда әдебиетсүйер, өнерсүйер қауым  айтулы тұлғаның Жетісу өңірінен арнайы келген ұрпақтарымен кездесіп, Кенен Әзірбаевтың өмірі мен шығармашылығы жайлы айтылған естеліктерге құлақ түрді.

Ғасырға жуық ғұмыр кешкен абыз қарияның басқасын айтпағанда, 1916 жылы ұлт-азат­тық қозғалысқа қатысып, өзі шығар­ған «Бұлбұл» әні, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жалынды жырлары сол заманның бояма­сыз көркем баяны іспеттес. Кенен атамыз қазақтың рухани қазына қорына 100-ден астам ән, өлең-жыр, эпикалық дастан қосқан.

Шара барысында филология ғылымдарының докторы, профессор, жерлесіміз  Серік Негимов, Н. Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының директоры Спартак Рамазанов пен Кенен Әзірбаевтың ұлы, сазгер, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Бақытжан Кененұлы қазақ руханиятының дамуына сүбелі үлес қосқан тұлға жайлы әсерлі сөз сабақтады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp