«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОҚУШЫЛАР СЫНҒА ТҮСТІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қаласында мектеп оқушылары арасында кәсіби шеберлік байқауы өтті.

Облыстық байқауда ағаштан түйін түйетін, ине-жіпке икемді, тамақ әзірлеуге құлшынысы ерекше оқушылар сынға түсіп, өз өнерлерін ортаға салды.

– Алдымен ұстағышты сүргілеп алдым. Қазір ерсілі-қарсылы үйкеп, кедір-бұдыр жерлерін кетірудемін. Былтыр да облыстық байқауға қатыстым. Жалпы мектеп оқушыларының ынта-ықыласын оятатын осындай шеберлік байқауларының мән-маңызы ерекше екенін айтқым келеді. Замандастарымыздан оқ бойы озық болу үшін біз барынша тырысудамыз, – дейді Шал ақын ауданынан келген Жасұлан Смайыл.

Кәсіби шеберлік байқауында әр түрлі аталым бойынша сынға түскен қатысушыларға бірнеше тапсырма берілді. Белгіленген уақыттың ішінде тапсырманы тап-тұйнақтай орындауға тырысқан өнерпаздардың әрқайсысы да жеңістен үмітті.

Облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығы директорының орынбасары Ирина Колодаева жыл сайын көктемде кәсіби шеберлік байқауын өткізу дәстүрге айналғанын айтып, биылғы шараға елуге жуық мектеп оқушысы қатысқанын жеткізді.

Байқау соңында жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған жеңімпаздарға дипломдар табыс етіліп, олар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp