«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАРИФ ТӨМЕНДЕУІ МҮМКІН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қаласында өткен қоғамдық кеңес отырысында қатты тұрмыстық қалдықтар тарифін төмендету мәселесі қаралды. Облыс орталығындағы көп қабатты үйлердің тұрғындары қатты тұрмыстық қалдықтар үшін адам басына 230 теңгеден, ал жекеменшік сектор тұрғындары одан 20 теңге артық төлейді.

– Елбасының коммуналдық тарифтерді төмендету туралы тапсырмасын орындау мақсатында қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару бойынша тарифтер қайта есептелді. Біздің есебіміз бойынша көпқабатты үйлердің тұрғындары үшін қоқыс шығаруға төленетін төлем 220 теңгені, ал жеке сектор тұрғындары үшін 234 теңгені құрауы тиіс, – деді қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Досылан Босынов.

Бұл мәселе алдағы уақытта жан-жақты зерттеліп, қоғамдық кеңестің келесі отырысында қаралатын болады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp