Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архиві семинар өткізіп, онда архив жұмысын жетілдіру және мәліметтер қорын толықтыру бойынша жұмыстар пысықталды.
Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архив қоры тарихымыздан тың сыр шертетін құнды құжаттармен толықты. Архив директоры Сәуле Мәлікованың айтуынша, мұрағатшылар Ресей облыстарында болып, Абылай хан туралы көптеген мәліметтерді іздеп тапқан.
Бүгінде Елбасымыздың “Архив – 2025″ бағдарламасын ойдағыдай іске асырылуда. Өңірлік архивте 588 мыңнан астам құжат сақтаулы, аталмыш бағдарламаға орай олардың қатары күрт өскен.
2019 жылдың 13 наурызынан бастап архив ұсынатын кейбір ақылы қызметтерден түсетін қаржы бұрынғыдай облыстық бюджетке емес, мұрағаттың өзінде қалатын болды. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архиві Аққайың аудандық филиалының директоры Динара Досжанованың айтуынша, бұл қаражат мұрағаттың материалдық-техникалық жағдайын жақсартуға, компьютерлерді сатып алуға жұмсалмақ.
Жаңа ережеге сәйкес, облыстық архив пен оның филиалдарына құнды қағаз ұсынғаны үшін енді тұрғындарға ақша төленетін болады.