Қазақстанның басым аумағында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашынды болады, оңтүстіктің кей жерлерінде нөсер жаңбыр күтіледі. Тек республиканың оңтүстік-шығысында күн ашық болады. Кей аймақтарда тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал. Жел күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтілуде. Түнде облыстың басым бөлігінде 15-20, кей жерлерде 25 м/с жылдамдықпен жел соғады. Күндіз кей жерлерде желдіңекпіні 15-20 м/с жетеді.