«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры облыстық филиалының сарапшылары Есіл ауданының тұрғындарымен кездесті.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін жүзеге асыру мен медициналық көмектің жаңа әдісін қолданысқа енгізу үшін аз уақыт қалды. Сондықтан қазір тұрғындарды толғандырған мәселелер аз емес. Әсіресе, ауыл тұрғындары тарапынан көп сұрақ жолдануда.

Аудан әкімі Ербол Сағдиевтің қатысуымен өткен кездесуде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін енгізу мәселесі жан-жақты талқыланды. Мемлекеттік қызметшілер, аудан активі мен ауылдық округ әкімдері қор қызметкерлерінен мол мағлұмат алды. Әсіресе, олар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушыларына қандай жеңілдіктер қарастырылатыны, медициналық көмектің сапасы мен денсаулық сақтау саласының сандық жүйесіне қатысты сұрақтарды қойды. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар, жұмыссыздар мен “Бастау бизнес” бойынша білім алып жатқан болашақ кәсіпкерлердің белсенділік танытқанын атап өткен жөн. Қатысушыларды жеңілдікпен берілетін дәрі-дәрмек мәселесі де қызықтырды.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры облыстық филиалының сарапшылары аудандық аурухананың қызметкерлерімен, халыққа қызмет көрсету орталығының мамандарымен және Покровка ауылының тұрғындарымен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp