«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ШАМПУНЬ ІШІНЕН ЕСІРТКІ ШЫҚТЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ресей мен Қазақстан арасындағы көлік қатынасының негізгі бөлігі “Қызылжар” автомобиль өткізу бекеті арқылы өтеді. Алайда, жолаушылардың бәрі бірдей заңды сақтай бермейді. Шекарашылардан жасырып, көзден тасалап контрабандалық заттарды арғы бетке өткізіп алғысы келетіндер аз емес. Мәселен, жуырда бір жеңіл автокөлікті тексеру барысында шекарашылар жерлес азаматтың белдігіне ерлерге арналған “Сlear Men” шампунын қыстырып алғанын байқайды. Тексеріп қараса, жолаушы сұйық заттың ішіне полиэтилен ораманы салып алыпты. Ол ораманың ішінен есірткіге ұқсайтын зат шыққан. Кейін оның 10 грамм көлеміндегі марихуна екені анықталды.

22 наурыз күні өткізу бекетінде заңсыз оқ-дәрі тасымалына қатысты бірнеше оқиға тіркелген. Арнайы техникалық құрал арқылы шекаралық тексеріс жүргізу барысында автокөлік қалташасынан 12 миллиметр калибрлі бірнеше патрон табылса, тағы бір машинадан аңшылыққа арналған 5,56 миллиметрлік 20 дана патрон шыққан. Екі көлік иесі де оқ-дәрілерді өткізуге арналған құжаттарын көрсете алмапты.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp