«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ІЗДЕУДЕГІ АЛАЯҚ ҰСТАЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қалалық полиция басқармасының бірінші полиция бөлімшесіне ломбардта жұмыс істейтін әйел келіп, белгісіз адамға 70 мың теңге ақшасын бере салғанын айтып шағымданған. Жедел іздестіру шараларына кіріскен полицейлер күдіктінің белгілерін анықтап, оларды барлық патрульдар мен бекеттерге таратады. Соның нәтижесінде “Келлеровка” бекеті патрульдік полиция батальонының қызметшілері жүргізушілердің бірінен алаяқты танып, қолға түсірді.

Орал қаласының 30 жасар тұрғыны өзінің жағымды келбетін пайдаланып, жұрттың сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен ақшаларына ие болып отырған. Ол үшін кепілзат зат ретінде автокөлігін ұсынып, қарызға ақша сұрайды екен. Ал шын мәнінде жапа шегушілердің бәрін құр машинаның кілтімен ғана қалдырып отырған. Осындай әдіспен алаяқ бірнеше адамнан 19 мыңнан 80 мың теңгеге дейін ақша алып кеткен. Петропавл қалалық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Жандос Мұқатов күдікті алаяқтық қылмысы үшін тағы екі облыста іздеуде болғанын айтады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp