Ертең Петропавл қаласындағы Спорт сарайында шайбалы хоккейден өтіп жатқан ел біріншілігінде үшінші орынға табан тіреген жергілікті “Құлагер” хоккей командасының спортшыларын марапаттауға арналған салтанатты шара өтеді.
Ел біріншілігінің 2018/2019 жылғы маусымына “Бейбарыс”, “Арлан”, “Ертіс”, “Алтай-Торпедо”, “Номад”, “Құлагер”, “Алматы”, “Теміртау” командалары қатысуда. Жерлестеріміз біріншілік барысында өткен 55 ойынның 22-інде негізгі уақытта жеңіске жетсе, қарсыластың қақпасын 148 мәрте дәл көздеген.
Сөйтіп, қызылжарлық клуб өз тарихында екінші рет біріншіліктің қола жүлдегері атанды.