Петропавлда жасөспірімдер арасында грек-рим күресінен КСРО-ның спорт шебері Василий Левчукті еске алуға арналған ашық турнир өтті.
Осымен үшінші рет ұйымдастырылған дода “Жеңіс” олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінде өтті. Бәсекеде Қазақстанның бірнеше қаласы мен Ресей және Тәжікстан елдерінен келген 11-14 жастағы 85 балуан бірнеше салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті. Турнирге грек-рим күресінен 1996 жылғы Атланта Олимпиадасының чемпионы Юрий Мельниченко арнайы қонақ ретінде қатысты. Еліміздің еңбек сіңірген жаттықтырушысы жасөспірімдерге шеберлік сағатын өткізді. Екі күнге созылған сайыстың қорытындысын газетіміздің ертеңгі нөмірінен оқи аласыздар.