Петропавлда Ұлттық бірыңғай тестілеудің екінші кезеңі өтіп жатыр. Облыс бойынша мектеп бітірушілердің жартысынан астамы биыл тестілеуден өтуге өтініш білдірген екен.
Екінші кезеңдегі сынақтың қорытындысы бойынша түлектердің алған балл саны жеткілікті болса, республика бойынша жоғары оқу орнына ақылы түрде түсе алады.
Елімізде биылдан бастап ҰБТ 4 кезеңде ұйымдастырылады. Сынақтың бірінші, екінші, төртінші кезеңдерінде тест тапсырған түлектер ЖОО-ға ақылы түрде түсу мүмкіндігіне ие болады. Ал тегін оқу үшін түлектер ҰБТ-ның үшінші кезеңіне қатысып, қажетті балл жинауы қажет. Үшінші кезең маусымның 20-сы мен шілденің 8-і аралығында өтеді