«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТЕАТР ТҮНІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Н.Погодин атындағы орыс драма театрында қала қонақтары мен тұрғындар  “Театр түнін” тамашалады.

Әртістер өнерсүйер қауымды сахнаның қыр-сырымен таныстырып, түрлі шеберлік сабақтарын ұйымдастырды. Ал театрға қызығушылық танытқан жастар өздерінің актерлік қабілеттерін сынауға мүмкіндік алды.

Кеш қонағы, мәскеулік режиссер Галина Зальцман  спектакаль қоюдың қиындығы мен қызығына тоқталып, өзінің тәжірибесімен бөлісті.

Режиссер сан қырлы өнер иесі болуы шарт. Ол шыдамды, төзімді, ақылды, білімді болуы тиіс. Фантазиялық қабілет ерекше маңызға ие. Мен әріптестеріммен тәжірибе бөлісу үшін арнайы келдім. Жақында біз “Ромео мен Джульетта” спектакалін көрерменге ұсынбақпыз. Сондықтан жұртшылық қойылымның қандай дайындықтың арқасында көрерменге жол тартатынын білуі керек, – деді мәскеулік режиссер Галина Зальцман.

Жақында тұсаукесері болатын “Ромео мен Джульетта” спектаклінен үзінді тамашалаған кеш қонақтары «театр түнінде» ерекше әсерге бөленді.

Ал екінші қабатта келушілердің назарына театр костюмдері ұсынылды. Сондай-ақ, театрдың мақтанышы, Қазақ КСР-не еңбек сіңірген әртіс , режиссер Виктор Шалаевпен кездесу ұйымдастырылып, Қазақстан Республикасының халық әртісі Людмила Ванюкова Мартин Макдонахтың “Сұлу ханшайым” пьесасын оқыды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp