ӨНЕР ДОДАСЫ
М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-да “Орфей мен Қорқыттың мұрагерлері” атты облыстық байқау өтті.
М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-да “Орфей мен Қорқыттың мұрагерлері” атты облыстық байқау өтті.
Петропавл қаласында кәсіпкер әйелдерге арналған “WECON – Women Entrepreneurship Conference 19″ атты конференция өтті. Шараға қатысқан 50 кәсіпкер “Бизнесті табыс көзіне алай айналдыруға болады?”, “Жетекші бизнес-кеңесшілерді және тәжірибелі тәлімгерлерді қайдан табуға болады?” деген сауалдар төңірегінде ой бөлісті. Сондай-ақ, іскер қыз-келіншектер сабақтас салалардағы мүдделес әріптестерімен танысып, тәжірибе алмасты. Конференцияның бірінші бөлігінде жергілікті кәсіпкер, “Park Haus” компаниясының …
Петропавлдық құтқарушылар жалғызбасты қарияны өлім аузынан аман алып қалды. Жұмысшы кентінде жалғыз тұратын 66 жастағы Раиса Васильевна – ауыр науқасқа шалдығып, төсекке таңылған жан. Өткен аптада қария төсегінен құлап кетіп, еденнен өздігінен тұра алмай қалған. Бұл уақытта пештен түтін шыға бастаған. Еңбектеп телефонға жетіп, “112″ нөміріне хабарласқан зейнеткерге облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің жедел-құтқару жасағы …
Алматыда грек-рим күресінен КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Дәулет Тұрлыхановтың жүлдесін сарапқа салған республикалық турнир өтті. 2002-2004 жылдар аралығында туған жасөспірімдер сынға түскен бәсекеде жерлес балуандардың айы оңынан туды. Атап айтқанда, 71 килограмм салмақ дәрежесінде Денис Пилипенко қарсылас шыдатпаса, 48 килограмм салмақта Рахат Аянгелдин екінші орынды иеленді. Ал 51 және …
Елімізде 1 сәуірден бастап такси жүргізушілері жолаушыларға түбіртек беруге міндеттеліп отыр. Сондай-ақ шаштараз және сұлулық салонының қызметкерлері, ломбардтар мен қонақүйлер, құмар және бәс тігу ойындарын ұйымдастырушылар, сылақ жұмыстарын орындаушылар, аудио және бейнетехникалардың, тұрмыстық электр аспаптарының бөлшек саудасымен айналысушылар да түбіртек беруге міндеттелмек.
120 қазақстандық әскери қызметші БҰҰ-ның “Бейбітшілік үшін қызмет” медалімен марапатталды. Наградаларды табыстау салтанатты рәсімі Ливандағы БҰҰ-ның бекетінде өтті. Оған 600-ден аса адам қатысты.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі атаулы әлеуметтік көмек көлемін есептеу үшін www.enbek.gov.kz ресми сайтында онлайн-калькуляторды іске қосты. Оның көмегімен қазақстандықтар жәрдемақының алдын ала есебін жүргізе алады. Әлеуметтік көмек мөлшерін есептеу үшін тұрғылықты өңірін, отбасы мүшелерінің санын, жиынтық табысын: еңбекақыны, алиментті, жеке қосалқы шаруашылықтан, кәсіпкерлік қызметтен, жылжымайтын мүлік пен көлік құралдарын жалға беру мен сатудан …
Қаржы министрлігі жалпыға бірдей декларация тапсыруды кезең-кезеңімен енгізу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс енгізді. Оған сәйкес бірінші кезеңде, яғни 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік қызметкерлер, сондай-ақ оларға теңестірілген тұлғалар декларация тапсыруы тиіс. 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлері, үшінші кезеңде, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап, заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары және жеке …
Солтүстікқазақстандық оқушылар Қызылорда қаласында қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша өткен республикалық олимпиадада өңір намысын қорғап, олжалы оралды.
«Жасырын сатып алушы» әдісі арқылы бірқатар мемлекеттік органдар тексеріліп, заң бұзушылықтар анықталды.
Өткен жылы мемлекеттік қызметті көрсетуші органдарға шағым түсірген жеке және заңды тұлғалардың құқықтары толық қалпына келтірілді. Бұл жайлы облыстық қоғамдық кеңестің кезекті отырысында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің басқарма басшысы Болат Еңсегенов мәлімдеді.
Орталық коммуникациялар қызметінің облыстық филиалында өткен баспасөз мәслихатында көктемгі су тасқынына әзірлік барысы сөз болды.
Мағжан Жұмабаев ауданының өлкетану мұражайы мен соты 7-11-сынып оқушылары арасында “Ұлы даланың билері” тақырыбында шығармалар байқауын ұйымдастырды.
Сәбит Мұқанов атындағы кітапханада жас ұрпақтың кітап оқуға деген ынта-ықыласын арттыру мақсатында кезекті рет “BookDating” шарасы өтті. Осы жолы психолог Дмитрий Агапов, “Жеке тұлға орталығының” директоры Оксана Ефремова мен жазушы Зарина Канафина ой бөлісті. Дмитрий Сергеевич жастарға Михаил Булгаковтың “Мастер и Маргарита” шығармасын оқуға кеңес берді. Ал, Зарина Қанафина Антуан Де Сент-Экзюперидің “Маленкий принц” атты …
“Jastar jylyna” oraı Ǵabıt Músirepov atyndaǵy aýdannyń ishki saıasat bóliminiń uıymdastyrýymen Novoıshımkada “Jas kelinder” baıqaýy ótti. Saıysqa qatysýǵa alty kelinshek nıet bildirdi. Ortaǵa shyqqan Efımovka aýylynyń kelini Shaıda Yqylas, Qaraǵash aýylynan kelgen Aınur Jetpisova, novoıshımdik Botagóz Baıbýsınova jáne Mahabbat Ábýova, Sarybulaq aýylynyń kelini Ajar Jumasheva, muqyrlyq Mahabbat Alhatova aldymen ózderin tanystyrdy.
Құдайға шүкір, егемен ел атанып, еңсе тіктегенімізге де отыз жылға таяп қалды. Біздің өңірімізде сол қастерлі тәуелсіздіктің елең-алаң шағында абыройлы қызмет етіп, өмірдің небір сындарында шыңдалған, бүгінге дейін жүріп өткен жолы жастарға үлгі аға ұрпақ өкілдері аз емес. Есімдері жылы ілтипатпен айтылатын ағалардың қатарынан облысымыздың құрметті азаматы, еңбек ардагері Ерембек Әубәкіровті де кездестіреміз.
Көктемгі су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға өтемақы төленеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин айтты. «Қазіргі таңда Шығыс Қазақстан облысында суды сору жұмыстары жүргізілуде. Онда екі үйді жер асты суы алып кеткен. Суды сорып тартып шығару жұмыстары аяқталғаннан кейін шығын мөлшерін бағалау жұмыстары жүргізіледі. Қарағанды, Ақмола облыстарында …
Ақмола облысындағы Сілеті су қоймасынан жылдағы мөлшерден артық көлемде су жіберіліп жатыр. Соның салдарынан Сілеті өзенінің деңгейі көтеріліп келеді. Су жайылуы мүмкін аумақта Уәлиханов ауданының екі ауылы орналасқан. Осыған байланысты облыс әкімі Құмар Ақсақалов Уәлиханов ауданына барып, тасқынның алдын алу жұмыстарына басшылық жасау мақсатында арнайы штаб құрылды. «Су басу қаупі мүмкін Уәлиханов ауданының екі ауылы …
Қолданыстағы заңнама бойынша елімізде 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Жалпыға бірдей декларация тапсыруды енгізу көзделген болатын. Бұл ретте өңірлерде жүргізілген дайындық жұмыстары барысында бірқатар проблемалық мәселелер анықталды. Осыған орай Қаржы министрлігі Жалпыға бірдей декларация тапсыруды кезең-кезеңмен енгізу бойынша Үкіметке ұсыныс берді. Бірінші кезеңде, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік қызметшілер мен олардың жұбайлары, сондай-ақ оларға …
Биылдан бастап елімізде зергерлік бұйымдар нарығы қатаң бақылауға алынбақ.