Биылдан бастап елімізде зергерлік бұйымдар нарығы қатаң бақылауға алынбақ.
Алтын бұйымдар дүкендерінің, ломбардтар өкілдерінің қатысуымен Техникалық реттеу және метрология департаментінде өткен жиында «Қымбат металдар және бағалы тастар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптары туралы сөз болды. Ел аумағына сынамалы таңбасыз зергерлік бұйымдарды өткізуге тыйым салынады. Заң бойынша барлық зергерлік бұйымдарда Қазақстан Республикасының бірыңғай сынамалық таңбасы болуы керек. Заңның орындалуын бақылау үшін сәуір айында сауда орындарында тексеріс жүргізу көзделген.