«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕДЕЛ ШТАБ ҚҰРЫЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ақмола облысындағы Сілеті су қоймасынан жылдағы мөлшерден артық көлемде су жіберіліп жатыр. Соның салдарынан Сілеті өзенінің деңгейі көтеріліп келеді. Су жайылуы мүмкін аумақта Уәлиханов ауданының екі ауылы орналасқан. Осыған байланысты облыс әкімі Құмар Ақсақалов Уәлиханов ауданына барып, тасқынның алдын алу жұмыстарына басшылық жасау мақсатында  арнайы штаб құрылды.  

«Су басу қаупі мүмкін Уәлиханов ауданының екі ауылы бар: Қаратал және Қулыкөл. Осыған орай, алдын-ала дайындық жұмыстары қолға алынды. Менің басшылығыммен сол жерде шұғыл штаб ұйымдастырылды. Жергілікті биліктің басты мақсаты – адамдардың өмірі мен денсаулығын, мүлкін сақтап қалу болып табылады», – деп жазды   Құмар Ақсақалов өзінің Фейсбуктегі парақшасында

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp