«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛІН ТУҒЫЗАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

«Жасырын сатып алушы» әдісі арқылы бірқатар мемлекеттік органдар тексеріліп,  заң бұзушылықтар анықталды.

Тексеріс барысында Шал ақын аудандық  сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, Петропавл қалалық спорт бөлімдерінің мамандары дұрыс кеңес бермей, қызмет көрсету үшін артық құжаттар мен анықтамалар талап еткен. Сондай-ақ, Петропавл қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің қызметкері телефон арқылы кеңес берілмейтінін, бұл үшін қоңырау шалушының өзі келуі керек екенін айтқан. Маманның бұл әрекеті әкімшілік кедергі және сыбайлас жемқорлық тәуекелін туғызады деп бағаланып отыр.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp