Петропавлдық құтқарушылар жалғызбасты қарияны өлім аузынан аман алып қалды. Жұмысшы кентінде жалғыз тұратын 66 жастағы Раиса Васильевна – ауыр науқасқа шалдығып, төсекке таңылған жан. Өткен аптада қария төсегінен құлап кетіп, еденнен өздігінен тұра алмай қалған. Бұл уақытта пештен түтін шыға бастаған. Еңбектеп телефонға жетіп, “112″ нөміріне хабарласқан зейнеткерге облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің жедел-құтқару жасағы көмекке келді. Бұл туралы толығырақ газетіміздің ертеңгі нөмірінен оқи аласыздар.