«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢМЕН ЕНГІЗУ ҰСЫНЫЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қолданыстағы заңнама бойынша  елімізде 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап  Жалпыға бірдей декларация тапсыруды енгізу көзделген болатын. 

Бұл ретте өңірлерде жүргізілген дайындық жұмыстары барысында бірқатар проблемалық мәселелер анықталды. Осыған орай Қаржы министрлігі Жалпыға бірдей декларация тапсыруды кезең-кезеңмен енгізу бойынша Үкіметке ұсыныс берді.

Бірінші кезеңде, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік қызметшілер мен олардың жұбайлары, сондай-ақ оларға теңестірілген тұлғалар мен олардың жұбайлары декларация тапсыруды бастайды. Екінші кезеңде 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап  – мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлері (оның ішінде білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және т.б. салаларды қоса алғанда) және олардың жұбайлары. Үшінші кезеңде 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары мен олардың жұбайлары, жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары. Төртінші кезеңде 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап  халықтың қалған санаттары декларация тапсырады..

Енді осы мәселе бойынша  заңнамаға түзетулер дайындалуда. Ұсыныстар  Парламенттің қарауына белгіленген тәртіпте  енгізіледі.     

https://www.inform.kz/kz/zhalpyga-birdey-deklaraciya-kezen-kezenmen-zhurgizu-usynyldy_a3512614

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp