Қолданыстағы заңнама бойынша елімізде 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Жалпыға бірдей декларация тапсыруды енгізу көзделген болатын.
Бұл ретте өңірлерде жүргізілген дайындық жұмыстары барысында бірқатар проблемалық мәселелер анықталды. Осыған орай Қаржы министрлігі Жалпыға бірдей декларация тапсыруды кезең-кезеңмен енгізу бойынша Үкіметке ұсыныс берді.
Бірінші кезеңде, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік қызметшілер мен олардың жұбайлары, сондай-ақ оларға теңестірілген тұлғалар мен олардың жұбайлары декларация тапсыруды бастайды. Екінші кезеңде 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлері (оның ішінде білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және т.б. салаларды қоса алғанда) және олардың жұбайлары. Үшінші кезеңде 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары мен олардың жұбайлары, жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары. Төртінші кезеңде 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап халықтың қалған санаттары декларация тапсырады..
Енді осы мәселе бойынша заңнамаға түзетулер дайындалуда. Ұсыныстар Парламенттің қарауына белгіленген тәртіпте енгізіледі.
https://www.inform.kz/kz/zhalpyga-birdey-deklaraciya-kezen-kezenmen-zhurgizu-usynyldy_a3512614