Сәбит Мұқанов атындағы кітапханада жас ұрпақтың кітап оқуға деген ынта-ықыласын арттыру мақсатында кезекті рет “BookDating” шарасы өтті.
Осы жолы психолог Дмитрий Агапов, “Жеке тұлға орталығының” директоры Оксана Ефремова мен жазушы Зарина Канафина ой бөлісті. Дмитрий Сергеевич жастарға Михаил Булгаковтың “Мастер и Маргарита” шығармасын оқуға кеңес берді. Ал, Зарина Қанафина Антуан Де Сент-Экзюперидің “Маленкий принц” атты кітабы жайында сөз қозғады. Бұл туынды қазір әлеуметтік желіде кеңінен танымал. Ондағы айтылған әрбір ой мен нақыл сөз күнделікті өмірімізде жиі қолданылады. Оксана Ефремова үшін Сальвадор Дали шығармаларының орны бөлек. Ол суретшінің жауһар туындыларының әрқайсысына арнап өлең жазыпты. Кітапты жан серігі еткен нәзік жан “Мастер и Маргарита” кітабын 16 жасынан бері қайта-қайта оқып, жылдар өткен сайын одан өзгеше ой түйетінін айтады.
Кітапқұмар оқырмандар шара барысында табысты болудың қыр-сырымен де бөлісті.