«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҒАЛЫМ АТЫНДАҒЫ ДӘРІСХАНА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде химия ғылымдарының докторы, профессор, академик Қыдырма Тоқмурзиннің құрметіне дәрісхана ашылды.

Салтанатты шараға ғалымның зайыбы Саташ Шынтасова қатысты. Жиында жоғары оқу орнының профессоры Владилен Поляков, оқытушылар Сергей Пашков пен Гүлсім Әубәкірова әріптесі жайлы естеліктерімен бөлісіп, жастарды ғалымның жолын қууға шақырды.
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Қарағаш ауылының тумасы Қыдырма Хамитұлын жұртшылық еліміздің химия саласында тың жаңалықтар ашқан көрнекті ғалым ретінде біледі. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің түлегі әр жылдары Гурьев педагогикалық институты мен өзі оқыған оқу орнында химия кафедрасына жетекшілік етті. Бұдан соң Қазақ КСР Ғылым академиясының мұнай химиясы және табиғи тұздар институтының зертханасында меңгеруші, кейіннен директор қызметтерін атқарды. 1990 жылы докторлық диссертация қорғап, бес жылдан соң Қазақ КСР Ғылым академиясының корреспондент мүшесі, 2003 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі атанды. 1998 жылдан бастап М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті органикалық химия және жоғары молекулалық қосылыстар химиясы кафедрасының меңгерушісі, профессоры болды. Ол 150-ден астам ғылыми еңбек жазды. Соның ішінде органикалық қосылыстардың реакциясын зерттеп, азот, күкірт қосылыстарын, өсімдік майларының негізінде тотығуға қарсы тұратын ингибиторлар, эмульгаторлар мен бактерицидтердің бірнеше түрін алудың жаңа әдістерін ашты. Айналасындағыларға еңбекқорлығымен үлгі бола білген азамат осыдан үш жыл бұрын 78 жасында дүниеден өтті.


Нұржан СЕЙІЛБЕКОВ,  “Soltústik Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp