«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕРГЕ КЕҢЕС БЕРІЛДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қаласында кәсіпкер әйелдерге арналған “WECON – Women Entrepreneurship Conference 19″ атты конференция өтті.
Шараға қатысқан 50 кәсіпкер “Бизнесті табыс көзіне алай айналдыруға болады?”, “Жетекші бизнес-кеңесшілерді және тәжірибелі тәлімгерлерді қайдан табуға болады?” деген сауалдар төңірегінде ой бөлісті. Сондай-ақ, іскер қыз-келіншектер сабақтас салалардағы мүдделес әріптестерімен танысып, тәжірибе алмасты.
Конференцияның бірінші бөлігінде жергілікті кәсіпкер, “Park Haus” компаниясының негізін қалаушы Сайран Хамзин Еуропа қайта құру және даму банкінің консалтингтік қызметін пайдалану жөніндегі тәжірибесімен бөлісті. Конференцияның екінші сессиясында “Ориентир” бизнес-студиясының негізін қалаушы, бизнес-жаттықтырушы Елена Кириленко бизнестің ұйымдастырушылық құрылымы, ал “Good!” агенттігінің негізін қалаушы, жеке кәсіпкер Данияр Төлеев тауар сатылымын көбейту жолдары туралы әдістемелік workshop өткізді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp