«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өткен жылы мемлекеттік қызметті көрсетуші органдарға шағым түсірген жеке және заңды тұлғалардың құқықтары толық қалпына келтірілді. Бұл жайлы облыстық қоғамдық кеңестің кезекті отырысында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің басқарма басшысы Болат Еңсегенов мәлімдеді.

Қызметті алушылар есепті кезеңде департаментке 27 шағым жолдап, жоспардан тыс 19 тексеріс өткізілді. Кей жағдайларда бір өтініш бойынша екі мемлекеттік органның жұмысы тексерілді. Дегенмен, алты шағым расталып, қызмет алушылардың құқықтары қалпына келтірілді.

Өтініштердің көбі жер қатынастары саласы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге қатысты. Осындай шағымдардың алдын алып, жеке және заңды тұлғалардың мәселесін барынша шұғыл шешу мақсатында агенттік қазақстандықтарға мемлекеттік қызметтердің сапасын онлайн бақылауға мүмкіндік беретін «Цифрлық агент» мобильді қосымшасын әзірлеуде.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp