«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨНЕР ДОДАСЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru
М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-да “Орфей мен Қорқыттың мұрагерлері” атты облыстық байқау өтті. 

Музыкалық байқауда фортепиано, скрипка, гитара, домбыра, сырнай, аккордеон аспаптарын меңгерген 120-ға жуық өнерпаз бақ сынады. Соның бірі – Дінислам Жасұлан. 
– Мен сырнайдың қыр-сырын меңгерудемін. Бұл аспаптың үні маған ерекше әсер етті. Өнерге құлшынысымның арқасында сырнай тартуды тез үйреніп алдым. Бастапқыда қиын болса да, ерік-жігердің арқасында мен алға қойған мақсатыма қол жеткіздім, – деді Дінислам. 
Манаш Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың педагогикалық факультеті деканының орынбасары Лиана Добровольская қазір вокалға сұраныс көбейгенін және музыкалық байқауды өткізу дәстүрге айналғанын жеткізді. Оның айтуынша, жыл сайын қатысушылардың саны артуда.  
Байқаудың басты талабы өнерпаздардың әртістік қабілеті, шығарманы орындау шеберлігі, көркемдік талғамы болуы шарт.  Жүзден жүйрік атану үшін бақ сынауға келген “Жас дарын” өнер мектебінің өнерпаздары да  сырнай, аккордеон аспаптарында ойнап, көпшілік қауымның көңілінен шықты. Шара соңында әр аталым бойынша жеңімпаздар марапатталды. 
Ақмарал ЕСДӘУЛЕТОВА, 
“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp