Солтүстікқазақстандық оқушылар Қызылорда қаласында қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша өткен республикалық олимпиадада өңір намысын қорғап, олжалы оралды.
Сайыстың республикалық кезеңіне өңірімізден қатысқан 35 оқушының 14-і жүлделі орынға ие болды. Олар қазақ, орыс, ағылшын, неміс және француз тілдері, Қазақстан тарихы, құқық пәндері бойынша сынға түскен еді. Қорытындысында, “БЭСТ” гимназиясының талапты шәкірттері екі алтын, екі қола жүлдені жеңіп алса, Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернаттың тәрбиеленушілер бір күміс, төрт қола жүлдені иеленді.
Өңір өрендері жалпыкомандалық есепте екінші орынды жеңіп алды.