ТРАВМАТОЛОГТАР ШЕБЕРЛІК ШЫҢДАУДА
Петропавлдағы 3-ші қалалық ауруханада тізе, жамбас буындарын протездеу бойынша шеберлік сабақтары өтіп жатыр.
Петропавлдағы 3-ші қалалық ауруханада тізе, жамбас буындарын протездеу бойынша шеберлік сабақтары өтіп жатыр.
Елімізде бүгін, 1 сәуірден бастап такси жүргізушілері жолаушыларға түбіртек беруге міндеттеліп отыр.
Өңірімізде колоректалды обыр ауруының алдын алу бойынша айлық өтуде. Облыстық онкологиялық диспансерде баспасөз мәслихаты ұйымдастырылып, қауіпті дерттің алдын алу және емделу жолдары туралы сөз болды.
Газетіміздің үстіміздегі жылғы 19-ақпан күнгі санында “Жарғайыңдағы жер дауы” деген тақырыппен мақала жариялаған болатынбыз. Оған Есіл ауданындағы “Жарғайың СҚ” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен үлескерлер арасындағы келіспеушілік арқау болған еді. Жуырда аталмыш шаруашылықтың директоры Серік Мырзахметов редакциямызға келіп, Жарғайыңда қалыптасып отырған жағдайға өз көзқарасын білдірді.
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде химия ғылымдарының докторы, профессор, академик Қыдырма Тоқмурзиннің құрметіне дәрісхана ашылды.
Биыл облыс аумағында қар бұрынғы жылдармен салыстырғанда айтарлықтай көп түсті. Мұндай жағдай көктем кезінде өңір тұрғындары үшін бірқатар қиындықтар туғызатыны анық. Бұл мәселе облыстық қоғамдық кеңестің отырысында талқыланды.
Cолтүстікқазақстандықтар елорда атауының “Нұр-Сұлтан” деп өзгертілуін қолдап отыр. Бұрнағы күні “Nur Otan” партиясының облыстық филиалы жанындағы “Мирас” өңірлік кеңесінің мүшелері ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көтерген бастамаға қатысты ойларын білдірді.
Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен биыл елімізде “Жастар жылы” жарияланған болатын. Облысымызда жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында қандай іс-шаралар атқарылуда, өскелең ұрпақты отансүйгіштік рухта тәрбиелеу, олардың білімді, бәсекеге қабілетті болып өсуі бағытында жастар ұйымдарының билік өкілдерімен бірлескен жұмыстары қандай? Өңір басшысының орынбасары Мадияр Қожахметтің қатысуымен өткен алтыншы шақырылымдағы облыстық мәслихаттың кезекті отыз екінші …