Қаржы министрлігі жалпыға бірдей декларация тапсыруды кезең-кезеңімен енгізу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс енгізді. Оған сәйкес бірінші кезеңде, яғни 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік қызметкерлер, сондай-ақ оларға теңестірілген тұлғалар декларация тапсыруы тиіс. 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлері, үшінші кезеңде, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап, заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары және жеке кәсіпкерлер, ал 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап халықтың қалған санаттары қамтылмақ. Қазіргі уақытта жалпыға бірдей декларациялауды кезең-кезеңімен енгізу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына түзетулер дайындалуда.