«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ШЫҒЫН ӨТЕЛЕДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Көктемгі су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға өтемақы төленеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин айтты.  

«Қазіргі таңда Шығыс Қазақстан облысында суды сору жұмыстары жүргізілуде. Онда екі үйді жер асты суы алып кеткен. Суды сорып тартып шығару жұмыстары аяқталғаннан кейін шығын мөлшерін бағалау жұмыстары жүргізіледі. Қарағанды, Ақмола облыстарында суегін даласын алып кеткен. Бұған қатысты да тиісті жұмыстар жүруде», – деді Юрий Ильин баспасөз мәслихатында.

Арнайы комиссия шығын мөлшеріне байланысты оны өтеу қажет деп тапса, жергілікті атқарушы органдар өтемақы төлейтінін айтты министрдің орынбасары.

  https://www.inform.kz/kz/su-taskynynan-zardap-shekkenderge-otemaky-tolenedi_a3512687

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp