«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 02.04.2019

ЖЕҢІМПАЗДАР МАРАПАТТАЛДЫ

Оқушылар сарайында республикалық пәндер олимпиадасында өңіріміздің намысын абыроймен қорғап, олжамен оралған кіл жүйрік өрендер марапатталды.

ЖАСМИН – ЖЕҢІМПАЗ

Облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен жас дарындардың байқауы өтті. Бұл шараға облыс аудандарынан келген өнерпаздар белсене қатысты. 

РЕСЕЙЛІК КӘСІПКЕРЛЕР АЛҒЫС БІЛДІРДІ

Облыстық полиция департаментінің бастығы, генерал-майор Берік Біләловке ресейлік «ФМФ» ААҚ лизингтік компаниясы басшылығының атынан Алғыс хат келді. Кәсіпкерлер ұрланған мүлкін табуға септескені үшін полицейлерге ризашылығын білдірген.

ҰСЫНЫСТАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Облыстық полиция департаментінде мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлыққа және өзге де құқықбұзушылықтарға қарсы іс-қимыл мәселесі тақырыбында кезекті отырыс өтті.    

АНАР КӘКІМОВА – ҚЫЗЫЛЖАР АРУЫ

Петропал қаласында  “Жастар жылына” орайластырылып өткізілген “Қызылжар аруы-2019” байқауының жеңімпазы атағын Анар Кәкімова иемденді. Арулар байқауына қатысуға биыл жүзден астам бойжеткен тілек білдірген екен. Бірақ олардың арасынан алдын-ала іріктеуден сүрінбей өтіп, үздік деп танылған жиырмасы финалға шықты. Жиырма ару алдымен ұлтымыздың рухани мұрасын паш ету, халқымыздың тарихы мен дәстүрін дәріптеу мақсатында ұлттық киім үлгілерін көрсетіп, …

АНАР КӘКІМОВА – ҚЫЗЫЛЖАР АРУЫ Read More »

ПРЕМЬЕРА ҚАРСАҢЫНДА

Ертең Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театры өкілдерінің қатысуымен “Премьера қарсаңында” атты шығармашылық кеш өтеді.  “Жастар жылына” орай ұйымдастырылатын шарада кейінгі буын өкілдері  театрдың өскелең ұрпақ өміріне қатысты шығармашылығымен танысатын болады. Мәдениет ошағында Уильям Шекспирдің “Ромео и Джульетта” туындысы сахналанды. Өнерсүйер қауым мәскеулік режиссер Галина Зальцманның қойылымын жоғары бағалады. Спектакльден …

ПРЕМЬЕРА ҚАРСАҢЫНДА Read More »

ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚШЫЛАР ТҮРКИЯДА ЖИНАЛАДЫ

Түркияның Анталья қаласында 25 сәуір мен 4 мамыр аралығында қазақтың ұлттық ойыны тоғызқұмалақтан V әлем чемпионаты өтеді. Қазақтың ұлттық зияткерлік ойынын әлемдік деңгейде насихаттап, оның бұқаралық сипатын арттыру  мақсатында тұңғыш әлем чемпионаты 2010 жылы Қазақстанның елордасында өткізіліп, 16 елден спортшылар қатысқан болатын. Одан кейінгі екі чемпионат Чехияның Пардубице қаласында және Алматыда өтті. Соңғысы ЭКСПО-2017 халық¬аралық көрмесі …

ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚШЫЛАР ТҮРКИЯДА ЖИНАЛАДЫ Read More »

ӘР КЕЗ НАЗАРДА

Аутизм – бала дамуындағы ауытқушылықтың бір түрі. Бұл дерт орталық жүйке жүйесінің бұзылуынан болады. Ол баланың дамуына кері әсерін тигізеді. Қазақстанда аутизмге шалдыққан 3 мыңнан астам бала тіркеуде тұр. Соңғы бес жылда аталмыш сырқат бойынша есепке тұрған балалардың саны 1,8 есеге көбейген. Біздің өңірде ерекше күтімді қажет ететін 4332 бала бар. Соның ішінде 416 бала …

ӘР КЕЗ НАЗАРДА Read More »

ЕҢБЕГІМЕН ЕЛГЕ ЖАҚҚАН

Тәуелсіздіктің 27 жылдығы қарсаңында мемлекеттік және қоғамдық қызметке сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін бір топ солтүстікқазақстандық мемлекеттік наградалармен марапатталған болатын.

ТӨРТ РЕТ ТЕСТ ТАПСЫРАДЫ

Үстіміздегі оқу жылында Ұлттық бірыңғай тестілеуге енгізілген өзгерістер жоғары білім алуға қолжетімділікті арттырды. Енді мектеп түлектері бір жыл ішінде төрт рет тест тапсыру мүмкіндігіне ие болды. Қаңтар, наурыз айларында өткен тестілеу түлектерге негізгі емтихан алдында өз білімдерін тексеріп көрудің таптырмас жолы болды.

“ҚҰЛАГЕРДІҢ” ҚУАНЫШЫ

Петропавл қаласындағы Спорт сарайында шайбалы хоккейден өткен ел біріншілігінде үшінші орынға табан тіреген жергілікті “Құлагер” хоккей клубының спортшыларын марапаттау салтанаты өтті.

ӨТІНІШТЕР ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

Сәуірдің бірінен бастап республика бойынша тұрмысы төмен отбасыларға 21 мың теңге көлемінде жәрдемақы тағайындау жөнінде өтініштер қабылдана бастады.

ЖАҒДАЙ БАҚЫЛАУДА

Уәлиханов ауданындағы  Қулыкөл және Қаратал ауылдарының арасын жалғастыратын жолды су шайып кетті. Тұрғын үйлерді су басу қаупі бар Қаратал ауылының тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріліп, Қулыкөл ауылындағы мектепте ұйымдастырылған  эвакуациялық бекетке орналастырылды. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов үшінші күн осы аймақта жүр. Екі ауылдағы жағдай өңір басшысының жетекшілігімен құрылған арнайы штабтың бақылауында. «Екі күн бойы Сілеті су қоймасынан секундына …

ЖАҒДАЙ БАҚЫЛАУДА Read More »

ҚАЛАУЫН ТАПСА, САБАН ДА КӘДЕГЕ ЖАРАЙДЫ

Бүгіндері “биоотын” деген ұғым жұртшылыққа жақсы таныс. Себебі, озық технологиялар арқылы кез келген қалдықтан пайдалы өнім алуға мүмкіндік бар. Әсіресе, жерасты және жерүсті байлықтарын үнемдеудің жаңа жолы биоотын өндіру екеніне көпшіліктің көзі әлдеқашан жеткен. Соңғы онжылдықта әлемде биоотын өндіру өз тиімділігін дәлелдеді. Мұнай, газ, көмір сияқты ресурстарға бай Қазақстан бұл бағыттағы алғашқы қадамын енді жасауда.