«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ГРЕК-РИМ КҮРЕСІНЕН ДӘСТҮРЛІ ДОДА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда жасөспірімдер арасында грек-рим күресінен КСРО-ның спорт шебері Василий Левчукті еске алуға арналған ашық турнир өтті.

Дәстүрлі дода “Жеңіс” олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінде өтті. Қазақстанның бірнеше қаласы мен Ресей және Тәжікстан елдерінен келген 11-14 жастағы 80-нен астам балуан бірнеше салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті. Турнирге грек-рим күресінен 1996 жылғы Атланта Олимпиадасының чемпионы Юрий Мельниченко қонақ ретінде қатысты. Еліміздің еңбек сіңірген жаттықтырушысы жасөспірімдерге шеберлік сағатын өткізді.
Екі күнге созылған сайыстың қорытындысы бойынша 35 килограмға дейінгі салмақ дәрежесінде ресейлік Богдан Волков топ жарды. 41, 44, 52, 62 және 85+ салмақ дәрежелерінде жерлестеріміз Артур Исентаев, Хамид Набиев, Ислам Евлоев, Мерхат Гайсиев пен Раис Дмитриев жеңіске жетті. Ал 29, 48, 76 килограмм салмақ дәрежелерінде тәжікстандық балуандар – Махди Бароновқа, Исоджон Нурахмедовке және Султон Саидзодаға тең келер ешкім болмады.

Нұржан СЕЙІЛБЕКОВ,  “Soltústik Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp