«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

РЕСЕЙЛІК КӘСІПКЕРЛЕР АЛҒЫС БІЛДІРДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық полиция департаментінің бастығы, генерал-майор Берік Біләловке ресейлік «ФМФ» ААҚ лизингтік компаниясы басшылығының атынан Алғыс хат келді. Кәсіпкерлер ұрланған мүлкін табуға септескені үшін полицейлерге ризашылығын білдірген.

Компанияға тиесілі екі «КамАз» жүк көлігі алаяқтық жолмен ұрланып, сату үшін Қазақстанға жіберілген. Жергілікті тәртіп сақшылары, Мәскеуден келген компанияның қауіпсіздік қызметі және «ШМАС» жеке күзет агенттігі қызметкерлерінің көмегімен ұрланған мүліктің тұрған орны анықталды. Аталған факті «Көлік құралының сәйкестендіру нөмірін қолдан жасау, жою, көрінеу қолдан жасалған сәйкестендіру нөмірі бар көлік құралын өткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Петропавл қалалық полиция бөлімінің мамандары сотқа дейінгі тергеу жүргізіп, оқиғаның мән-жайын анықтауда. Қажетті сараптамалар аяқталған соң «КамАз» автомашиналары заңды иелеріне қайтарылатын болады.

Жыл басынан бері өңіріміздегі күзет агенттіктерінің қызметкерлері 11 ұрлықтың жолын кесті. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp