Қалалық және аудандық полиция бөлімшелерінде «Адалдық дүкендері» ашылды.
Адалдық дүкені сатып алушыға сенім арту, оның адалдығы мен ар-ожданы қағидаты бойынша жұмыс істейді. Бұл ерекше жоба «Қызылжар – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің бастамасымен қолға алынды. Дамыған елдерде кеңінен қолданылатын тәжірибе қоғамдық сананың өзгеруіне және адамдардың бойында моральдық-этикалық құндылықтардың қалыптасуына ықпал етеді.
Осыған дейін «Адалдық дүкендері» өңіріміздегі мемлекеттік мекемелер мен оқу орындарында ашылған болатын.