«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АУТИЗМГЕ ШАЛДЫҚҚАНДАР КӨБЕЙІП КЕЛЕДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Сәуірдің 2-сі- Дүниежүзілік аутизм мәселесі бойынша ақпарат тарату күні.

Осыған орай бүгін облыста көптеген іс-шаралар өткізіліп жатыр. Сырқат балалар  Александр Винокуров атындағы Спорт сарайына, театрларға, Оқушылар сарайына саяхат жасап, олардың қатысуымен түрлі акциялар мен мерекелік шаралар өтеді. Мамандардың айтуынша,  облыста  2010 жылдан бастап  аутизм дертіне шалдыққан балалар саны күрт өскен. Осыдан 9 жыл бұрын мұндай диагноз 31 балаға ғана қойылса, биыл олардың саны 416-ға жеткен.  Олар ерекше қамқорлықты қажет етеді.  Былтыр Петропавлдағы №21 орта мектепте осы дертке шалдыққан 7 балаға арналған қолдау кабинеті ашылды.  Балалар сабақтан тыс уақытта келіп, бұл жерде олардың қабілетін дамытуға арналған жаттығулар жасайды. Биыл  қаладағы № 23,27,43 мектептерде де осындай кабинеттер жұмыс істейтін болады. 37 бала Облыстық  инклюзивті коррекциялық мектеп-интернатта оқиды. Петропавл қаласындағы 6 балабақшада 15 арнайы топ ашылған.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp