«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ДҰРЫС ШЕШІМ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Елордамызды Тұңғыш Президентіміз – Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен атау жөніндегі шешімге қуанғандардың бірімін.
Тәуелсіздік тізгіні қолымызға тиген кезеңнен бастап, әлемге егеменді ел екенімізді таныту әрі мойындату оңайға соққан жоқ. Көреген басшымыздың сарабдал саясатының арқасында бұған қол жеткізе білдік. Нұрсұлтан Әбішұлы өткен ғасырдың 90-ыншы жылдары жұмыссыздық белең алып, кәсіпорындар тұралаған кезде Қазақстанның тұрақтылығын сақтап қалды.

Зейнетақы мен жалақы уақытында берілмесе де, қазақ халқы көшбасшысының соңынан еріп, келер күндердің жарқын боларына сенді. Көп ұзамай Елбасының “Қазақстан – 2030” Стратегиясы қабылданды. Ондағы міндеттер мерзімінен бұрын орындалып, елдің экономикасы жаңғырды. Бұл, әрине, Тұңғыш Президентіміздің сарабдал саясатының арқасында жүзеге асты. Бүгінде Нұрсұлтан Назарбаев осы еңбегінің нәтижесін халқымен бірге көруде. Ол мемлекет руханиятының еңсесін тіктеп, ертеңін жарқын етті.
Елбасы Тәуелсіздік алған кезеңнен бері егемен мемлекетімізді мінсіз басқарып келді. Республикамыздың демократиялық, зайырлы және әлеуметтік мемлекет болып орнығу үдерісінде қоғамда қалыптасқан демократиялық бағыттағы әртүрлі азаматтық, діни ұйымдармен және әлеуметтік мүдделі топтармен бірлесіп ашық, жария жұмыстар істеді. Соның арқасында бүгінгі күні еліміз бірлігі жарасқан мемлекет ретінде танылды. Бұған өз өңірімізде бірнеше этнос өкілдерінің тату-тәтті өмір сүруі дәлел. Қазір біздің облысымызда тұратын әрбір ұлт өкілі тыныштықты сақтаған Елбасының сындарлы саясатын жоғары бағалайды.
Сарыарқаның төсіндегі елорда әлем елдерін мәмілеге шақыратын, келісім мен бейбітшіліктің қаласына айналды. Бұл да Президентіміздің еңбегінің нәтижесі. Сондықтан елордамызды оның атымен байланыстыру орынды әрі дер кезінде қабылданған шешім деп санаймын. Бұл Елбасына деген құрметтің ортаймайтынын, келер ұрпақ өткен тарихтан тағылым алып өсетінін көрсетеді. Біз қашан да көшбасшымыздың амандығын тілеумен боламыз.

Ескендір НҰРЫМОВ, зейнеткер.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp