«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАСМИН – ЖЕҢІМПАЗ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru
Облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен жас дарындардың байқауы өтті. Бұл шараға облыс аудандарынан келген өнерпаздар белсене қатысты. 

Байқаудың басты мақсаты – балалардың шығармашылық қабілетін дамытып, ән айту шеберлігін шыңдау, сондай-ақ,  жас дарындарды анықтау. Алпысқа жуық өнерпаз “Эстрадалық вокал” аталымы бойынша сынға түсті.   Облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығы директорының орынбасары Ирина Колодаева  өңірімізде жас орындаушылардың қабілетін арттыру үшін осындай шаралар жиі өткізілетінін айтып, бұл байқауға қатысушылар жақсы дайындықпен келгенін жеткізді. Шал ақын ауданының намысын қорғаған Мерей Қасымова сияқты өнерпаздардың табандылығы көпшілік қауымды таңқалдырды. 
Байқау қорытындысы бойынша бас жүлде “Жас дарын” өнер мектебінің тәрбиеленушісі Жасмин Амринаға бұйырса, Петропавл қаласы мен Тайынша, Мамлют, Жамбыл, Ғабит Мүсірепов атындағы аудандардың өнерпаздарды бірінші орын алды. 
“Қызылжар-Ақпарат” ЖШС.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp