«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАҒДАЙ БАҚЫЛАУДА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Уәлиханов ауданындағы  Қулыкөл және Қаратал ауылдарының арасын жалғастыратын жолды су шайып кетті. Тұрғын үйлерді су басу қаупі бар Қаратал ауылының тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріліп, Қулыкөл ауылындағы мектепте ұйымдастырылған  эвакуациялық бекетке орналастырылды. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов үшінші күн осы аймақта жүр. Екі ауылдағы жағдай өңір басшысының жетекшілігімен құрылған арнайы штабтың бақылауында.

«Екі күн бойы Сілеті су қоймасынан секундына 574 текше метр су кетіп жатыр. Бірақ бүгіннен бастап, судың сәл төмендегенін көріп отырмыз. Барлық қажет шараларды қолданып жатырмыз», – деді   Құмар Ақсақалов.

Өңір басшысының айтуынша, тұрғындардың өмірі мен денсаулығына, мал-мүлкіне келер қауіп жоқ.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp