Оқушылар сарайында республикалық пәндер олимпиадасында өңіріміздің намысын абыроймен қорғап, олжамен оралған кіл жүйрік өрендер марапатталды.
Жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша білім байқауы Ақтөбе қаласында өтсе, ал қоғамдық-гуманитарлық бағытты таңдаған өрендер Қызылорда қаласында сынға түсті. Облыстан барлығы жетпіс оқушы барса, жиырмасы жүлделі орындарға ие болды. Соның бесеуі – атын, үшеуі күміс және 12-сі – қола.
Бәсекеде жүзден оза шауып, бірінші орынды жеңіп алған ұл-қыздарға жүлделерін облыстық білім басқармасының басшысы Гүлмира Кәрімова табыстады. Олардың қатарында дарынды балаларға мамандандырылған «ЛОРД» интернат-лицейінің оқушысы Кристина Тонкоштан, «әл-Фараби» мектеп-лицейінің шәкірті Дарина Рахметжанова, облыстық дарынды балаларға мамандандырылған «Білім-инновация» мектеп-лицейінің өрені Дарина Сексембаева орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша білімдерін ортаға салса, «БЭСТ» гимназиясының оқушылары Айша Сәлікова мен Лолита Джокиладзе ағылшын тілі бойынша жарысқан еді.
Толығырақ газетіміздің келесі санынан оқыңыздар.