«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЗАҢСЫЗ АҚША ЖИНАУҒА ТОСҚАУЫЛ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс әкімінің орынбасары Мадияр Қожахметтің төрағалығымен өткен “Қызылжар – адалдық алаңы” жобалық кеңсесінің кезекті отырысында білім беру саласының қолжетімділігін, ашықтығын арттыру бағытында жүзеге асуы тиіс бірқатар мәселелер сөз болды.

Бүгінгі күні облыс аумағында 485 мектеп болса, соның 300-ден астамында, сонымен қатар өңіріміздегі барлық техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында, ата-ана қамқорлығынсыз қалған және жетім балаларға арналған білім беру мекемелері мен интернаттарда қамқоршылар кеңесі құрылған. Ата-аналардан заңсыз ақша жинауға тосқауыл қою мақсатында облыстық білім басқармасы екінші деңгейлі банкпен “Мектепке қайырымдылық көмек” смартбанкинк қосымшасын ашу туралы келіскен. Осылайша, жеке тұлғалар мектептерге интернет-банкинг арқылы қолма-қол ақшасыз қайырымдылық көмек көрсете алады. Қаражат бірден мектептің шотына түседі.
Отырыста білім беру мекемелері басшыларының кабинеттерін бірінші қабатқа орналастыру жайлы да айтылды. Бүгінде республикадағы барлық өңірлерде қолға алынған бұл үрдістен жергілікті білім беру мекемелерінің директорлары да тыс қалмайды. Төменгі қабатқа орналасу басшыларға мекемедегі жағдайды жақыннан бақылап, ата-аналармен де тығыз қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді. Жобалық кеңсе мүшелерінің ұсынысына сәйкес бүгінде №26 мектеп-балабақшаның, қазақ мектеп-гимназиясының, сондай-ақ, бірқатар колледждердің директорларын бірінші қабаттарға көшіру бойынша жұмыстар атқарылуда.

Индира БӘЖЕНОВА,  мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің  бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp