ЕС 164/1 түзеу мекемесінің қызметкерлері жалғызбасты Вера Шестакова мен Зәуреш Әлиеваға көмек көрсетті.
Бұл зейнеткерлер бірнеше жыл бойы аталмыш мекемеде қызмет етіп, әріптестері арасында құрметке бөленген. Қайырымды іс-шараға қатысушылар қариялардың үйінің маңайын қардан тазалап, ауланы қалпына келтірді. Кадр бөлімінің бастығы Жеңіс Өзбеков бастаған топ даладағы істі аяқтаған соң, Зәуреш Бекетқызы және Вера Михайловнамен әңгімелесіп, хал-жағдайларын сұрады. Зейнеткерлер қол ұшын созған мекеме қызметкерлеріне ризашылық білдірді.