«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КЕДЕРГІСІЗ ҚЫЗМЕТ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жыл басынан бері өңірімізде 300-дей еңбек мигранты тіркелді. Олар, негізінен, Өзбекстан, Тәжікстан және Әзірбайжан азаматтары. Басым бөлігі құрылыс саласында еңбек етеді.

Өткен жылы ашылған көші-қон қызметтерін көрсету орталығының мамандары биылғы үш айда үш мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетті. Атап айтқанда, 2537 мигрант уақытша тіркеліп, 54 шетелдікке тұрақты тұруға рұқсат берілді. Облыстық көші-қон қызметі басқармасының бастығы, полиция майоры Талғат Әбіловтің айтуынша, орталықтағы қызмет көрсету алаңы секторларға бөлініп, күту және тіркеу орындарымен жабдықталған. Қызметкерлер азаматтарды еш кедергісіз қабылдайды. Сондай-ақ, жеке табыс салығы бойынша төлемдерді терминалдар арқылы да төлеуге болады.
 

Нұрбек БАЕКИН, облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp