«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ПРЕМЬЕРА ҚАРСАҢЫНДА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ертең Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театры өкілдерінің қатысуымен “Премьера қарсаңында” атты шығармашылық кеш өтеді. 

“Жастар жылына” орай ұйымдастырылатын шарада кейінгі буын өкілдері  театрдың өскелең ұрпақ өміріне қатысты шығармашылығымен танысатын болады. Мәдениет ошағында Уильям Шекспирдің “Ромео и Джульетта” туындысы сахналанды. Өнерсүйер қауым мәскеулік режиссер Галина Зальцманның қойылымын жоғары бағалады. Спектакльден үзінді режиссерлік зертханада да оң пікір тудырды. Аталмыш жоба 2018 жылдың тамызында жергілікті театр басшылығы мен Ресейдің Театр қайраткерлері Одағының бастамасымен жүзеге асты. Көрші елдің үш режиссеры Н.Погодин атындағы театрда бір апта ішінде спектакльдерден үзінді сахналады. Галина Зальцман дайындаған “Ромео и Джульетта” туындысынан үзінді – солардың бірі. Спектакльдің тұсаукесері 12 сәуірге жоспарланып отыр.

Шығармашылық кеш барысында студенттер әртістермен, режиссермен кездесіп, театрдың жұмысы, спектакльді дайындау барысы, рөлдерді сомдаудағы қиыншылықтар және тағы басқа тақырыптарда әңгімелесетін болады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp