Түркияның Анталья қаласында 25 сәуір мен 4 мамыр аралығында қазақтың ұлттық ойыны тоғызқұмалақтан V әлем чемпионаты өтеді.
Қазақтың ұлттық зияткерлік ойынын әлемдік деңгейде насихаттап, оның бұқаралық сипатын арттыру мақсатында тұңғыш әлем чемпионаты 2010 жылы Қазақстанның елордасында өткізіліп, 16 елден спортшылар қатысқан болатын. Одан кейінгі екі чемпионат Чехияның Пардубице қаласында және Алматыда өтті. Соңғысы ЭКСПО-2017 халық¬аралық көрмесі аясында елордада өтіп, онда әлемнің 25 елінен келген 70-тен астам тоғызқұмалақшы бақ сынаған болатын.
Әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық спортшылар қазір дайындықтарын пысықтап, Антальяға аттануға әзірленіп жатыр.