Облыстық полиция департаментінде мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлыққа және өзге де құқықбұзушылықтарға қарсы іс-қимыл мәселесі тақырыбында кезекті отырыс өтті.
Жиында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Ішкі істер министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы 2019 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары талқыланды. Отырыс пікірталас түрінде өтті. Мәселен, облыстық полиция департаментінің бастығы Берік Біләловтің пікірінше, полицияның жұмысында цифрлық ресурстарды пайдалануды кеңейту, сондай-ақ тән емес функцияларды бәсекелестік ортаға тапсыру сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға ықпалын тигізеді.
Отырыс соңында облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Берік Біләлов пен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі СҚО бойынша департаментінің басшысы Елена Степаненко мемлекеттік органдардың қызметкерлері арасында құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.