Өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен облыс әкiмдiгi жанындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссиялардың отырысы өттi.
Жиында аудандарда құқық бұзушылықтың алдын алу шараларының кешендi жоспарының iске асырылуы және қоғамдық қауiпсiздiк деңгейiн нығайту мәселелерi сөз болды. Денсаулық сақтау және еңбек қатынастары салаларында орын алатын құқық бұзушылыққа қарсы жүргізілетін iс-қимыл шаралары да назардан тыс қалмады. Комиссия мүшелері көтерілген мәселеге байланысты өздерінің пікірлерін айтты.
Отырыстың қорытындысы бойынша облыс әкімі Құмар Ақсақалов мемлекеттiк-құқықтық бөлiмге комиссия мүшелерiнiң пiкiрiн ескерiп, нақты ұсыныстар әзiрлеудi тапсырды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.