Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Instagram əлеуметтік желісінде өзінің ресми парақшасын ашты.
«Жақында өңір әкімдеріне жұртпен етене байланыс орнату үшін заманауи байланыс құралдарын ұтымды пайдалануға, яғни халықпен кері байланыс орнату мақсатында əлеуметтік желілерде белсенді болуға шақырдым. Өздеріңізге белгілі, мен бірнеше жылдан бері Twitter желісін белсенді қолданып, мемлекетіміз үшін ең маңызды деген дүниелермен бөлісіп келемін. Ендігі ретте осы үрдісті халық ең көп шоғырланған Instagram желісінде де жалғастыруды жөн деп таптым», – деп жазды Мемлекет басшысы Instagram парақшасында.
Ресми парақшаның Instagram желісіндегі мекенжайы – @tokayev_online».