«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 02.04.2019

ПРЕЗИДЕНТ ЕКІ ГАЗЕТКЕ СҰҚБАТ БЕРДІ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық «Egemen Qazaqstan» және «Aiqyn» газеттеріне сұқбат берді. «Егемен Қазақстан» газетінің басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлімен және «Айқын» газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіппен әңгіме барысында Касым-Жомарт Токаев  еліміздің ішкі, сыртқы саясатына қатысты жұртшылықты толғандырып отырған бірқатар маңызды мәселелерге тоқталды.   Сұқбаттың толық нұсқасын «Egemen Qazaqstan» газетінен немесе сайттан оқи аласыздар.  www.egemen.kz  

КЕДЕРГІСІЗ ҚЫЗМЕТ

Жыл басынан бері өңірімізде 300-дей еңбек мигранты тіркелді. Олар, негізінен, Өзбекстан, Тәжікстан және Әзірбайжан азаматтары. Басым бөлігі құрылыс саласында еңбек етеді.

БАСТЫСЫ – ЫНТА БАР

С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада бизнесін ашуға ниетті қала тұрғындары үшін семинар ұйымдастырылды.

ХАЛҚЫ ҮШІН ҚАДІРЛІ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өз еркімен өкілеттігін тоқтатуы еліміздің әр азаматы үшін тосын жаңалық болғандығы шындық. Ести сала менің де көңілімді қимастық сезім баурап алды.

ДАРА ТҰЛҒА

Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Президенті өкілеттігін тоқтату туралы шешімін теледидардан көрдім. Көңілім толқып, еліміздің қол жеткізген жетістіктеріне еріксіз ой жүгірттім.

ДҰРЫС ШЕШІМ

Елордамызды Тұңғыш Президентіміз – Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен атау жөніндегі шешімге қуанғандардың бірімін. Тәуелсіздік тізгіні қолымызға тиген кезеңнен бастап, әлемге егеменді ел екенімізді таныту әрі мойындату оңайға соққан жоқ. Көреген басшымыздың сарабдал саясатының арқасында бұған қол жеткізе білдік. Нұрсұлтан Әбішұлы өткен ғасырдың 90-ыншы жылдары жұмыссыздық белең алып, кәсіпорындар тұралаған кезде Қазақстанның тұрақтылығын сақтап қалды.

ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕ ЖҰМЫСҚА КІРІСТІ

Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру” атты Жолдауында “Қарапайым заттар экономикасын” қалыптастыру міндеті қойылып, азық-түлік, киім және басқа да күнделікті тұтынатын заттарды өз елімізде шығару қажеттігі айтылған болатын. Осы міндеттерді жүзеге асыру аясында облыстық кәсіпкерлер палатасы жанынан жобалық кеңсе ашылды.

ЗАҢСЫЗ АҚША ЖИНАУҒА ТОСҚАУЫЛ

Облыс әкімінің орынбасары Мадияр Қожахметтің төрағалығымен өткен “Қызылжар – адалдық алаңы” жобалық кеңсесінің кезекті отырысында білім беру саласының қолжетімділігін, ашықтығын арттыру бағытында жүзеге асуы тиіс бірқатар мәселелер сөз болды.

ҚАУІП СЕЙІЛМЕЙ ТҰР

Облысымызда көктемгі су тасқыны көпшілікті әбігерге түсіруде. Сілеті су қоймасынан жіберілген су Уәлиханов ауданындағы Қулыкөл және Қаратал ауылдарына қауіп төндіруде.

ЖАҢА ҚЫЗМЕТІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Берік Асылов Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Өңір басшысы Құмар Ақсақалов облыстың бұрынғы прокурорын жаңа қызметімен құттықтады.

ҰСЫНЫСТАР ӘЗІРЛЕНЕДІ

Өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен облыс әкiмдiгi жанындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссиялардың отырысы өттi.