«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ДАРА ТҰЛҒА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Президенті өкілеттігін тоқтату туралы шешімін теледидардан көрдім. Көңілім толқып, еліміздің қол жеткізген жетістіктеріне еріксіз ой жүгірттім.

Қазіргі таңда бейбіт те бақуатты Қазақстанның барша әлемге танылуы – Тұңғыш Президентіміздің елімізге сіңірген өлшеусіз еңбегінің жемісі. Шекарасы шегенделген мемлекетіміздің әлем көгінде Гимні әуелеп, Туы желбіреуде. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Әбішұлы шетелдердегі қандастарымыздың өз Отанына оралуына, Семей полигонын жабуға, “EXPO – 2017” көрмесінің Қазақстанда өтуіне ықпал етті.
Ұлт бақыты үшін туған, елім, жерім деген Алаштың ардақты ұлына қандай мақтау сөздер айтсақ та көптік етпейді. Өз басым әлемдік ареналарда жеңіс тұғырына көтерілгенде, шетелде Әнұранымыз шырқалғанда, Елбасына іштей алғысымды айтамын. Өйткені, Тұңғыш Президент мен сияқты жалынды жастардың жоғары білім алып, спортпен шұғылдануына барлық жағдайды жасады.
Маған Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген сөзі ерекше әсер етті. “Біз, қазіргі және келешек ұрпақ өкілдері, Елбасының саяси мұрасын жадымыздан шығармай, қадір тұтып, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тарихи еңбегіне лайықты құрмет көрсетуіміз қажет. Елбасының халқымызға және әлем қауымдастығына сіңірген ерен еңбегі мен ұлы есімін мәңгі есте сақтауымыз керек. Бұл халқымызды, әсіресе, жастарды тарихқа құрметпен қарауға тәрбиелеп, Елбасының даңқты қызметін әділ бағалау үшін маңызды”, – деді Президент. Расымен де, Тәуелсіздік таңы атқаннан бүгінге дейінгі бар жақсылықты, әр саладағы сәтті қадамдарды Нұрсұлтан Әбішұлының есімімен тікелей байланыстыруға болады. Демек, халықтың әл-ауқатын жақсартқан тұлғаның есімі ел тарихында алтын әріптермен жазылуы тиіс.

Данияр КӘЛЕНОВ,  Азия ойындарының чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp