«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАҢА ҚЫЗМЕТІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Берік Асылов Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Өңір басшысы Құмар Ақсақалов облыстың бұрынғы прокурорын жаңа қызметімен құттықтады.

Берік Асылов 1964 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. 1991 жылы Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша тамамдады. Әр жылдары Ақтөбе облысының прокуроры, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары, Шымкент және Алматы қалаларының прокуроры қызметтерін атқарды.
Жиын барысында облыс әкімі Берік Асыловтың өңіріміздің дамуына қосқан үлесін тілге тиек етіп, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
– Сізбен екі жылдан астам уақыт бойы бірге жұмыс істедік. Осы мерзім ішінде көптеген кәсіпкердің құқығы қорғалды. Жер мәселесіне қатысты түйткілдер өз шешімін тапты. Есірткі тасымалдау, сату деректері тыйылды. Сіздің тұсыңызда 10 млрд. теңге шамасындағы қаражат мемлекет бюджетіне қайтарылды, – деген Құмар Іргебайұлы Берік Асыловқа атқарған қызметі үшін алғыс айтып, Құрмет грамотасын тапсырды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp